Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкіндік берілді»
Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті.
Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар.
Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз.
Қ.К.Тоқаев: «Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді.
Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған.
Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде е





